Абай әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажап тұлға Кітапханалық іс-шара 2020жыл » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2021

Абай әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажап тұлға Кітапханалық іс-шара 2020жыл

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды  ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың  өмірі және шығармаларымен таныстыру. Ақынның өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлықтарын  арттыру.
 2. Оқушылардың сөйлеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту.
 3. Мейірімді, адал болуға, адамгершілікке, жаман әдептерден бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу.
 4. Дамытпалы поэзия сабағы.

Тәсілдері: ой қозғау, сұрақ-жауап, сахналық көрініс, шығармашылық көрініс.

Көрнекілігі: Абай Құнанбаев, А.С. Пушкиннің портреттері, интерактивті тақта, кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назарын сабаққа аудара отырып қызығушылығын арттыру .

«Ата толғау» күйі қосылып тұрады.
 Біреулерге болған
ымен айдала,
 Басын иіп тәу етеді бар дана.
 Ұлы Абайды дүниеге әкелген,
 Құдіретіңнен айналайын, сардала.


  Кітапханашының кіріспе сөзі:   


       Құрметті оқушылар,қонақтар Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы барімізге құтты болсын деп ,бүгінгі сабағымызды  көтеріңкі көңіл-күймен бастайық.Данышпан Абайды білмейтін адам жоқ.Дүние жүзіне танымал болды ОЛ-классик ақын.Өйткені, ол әлемдік ойшылдардың қатарындағы  ғажайып  тұлға .   

- Ия,бүгінгі шарамыздың   тақырыбы «Абай- әлемдік ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға». Өмір Абайды ерте есейтті. 15 жасында уйленип,16 жасында әке болды,21 жасында болыс болған Абай.жастай ел басқару ісіне араласты .Ол  халықтың мұң-зарын арман тілегін өз құлағымен естіп,өз көзімен көріп жүрді.Халықтың өмірімен әдет ғұрпын  жетік   білді. Дау айтыстарда ескі билерді жеңіп отырды, сөзге шешен болды.Ары карай окушы жалгастырады...                                                                                                       .1-оқушы Абай өмірбаяны

       Жазушы Мырзагелді Кемел: «Мен қазақты үшке бөлер едім. Біріншісі - Абайды оқығандар, екіншісі - Абайды оқысам деп жүргендер, үшіншілер - Абайды оқымағандар».

- Балалар, сендер осының қайсысына жатасындар?

-Әрине біз бірінші топқа жатамыз.  Ұлылығы әлемге танылған Абай атаның шығармаларымен таныспыз. Біз Абайдың жолындамыз, себебі Абайдың жолы –халықтың жолы, халықтың жолы- Абайдың жолы.Ұлы жазушы М.Әуезов «Абай терең теңіз, алып мұхит қой. Мен одан шөмішпен ғана қалқыдым дейді.Сондықтан  М. Әуезов зерттеген Абайды біз толық тани түсуіміз керек деп ойлаймын.Абай өзі:Жүрегімнің түбіне терең бойла, мен бір жұмбақ адаммын онда ойла –дейді. Ия,Абай ерекше жаратылған тұлға. Жалпы адамның өмірлік ,танымдық тәжрибесі молайған сайын Абай ашыла береді,ашыла береді. С.Торайғыров: «Асыл сөзді іздесен

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты көздесен

Жаттап оқы көңілге ! -

деуі келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілітін өнегелі тәрбие ұшан- теңіз екені айтылады.Абай туралы мәліметтерді ортаға салайык.

Олай болса ,Абай ақын дедік-ақындығын ашайық,аудармашы дедик аудармашылығын ашайық. Абай философ дедік ,қарасөздерін ашып көрейік.

Сөз оқушыларда... 

Абай әнін орындау.

       Абай туралы деректі фильм -көрсету
 Кітапханашы///

 Балалар ,орыс халқы өзінің Пушкинін,Лермонтовын ,Достоевскиін жаксы біледі. Толстойын жаксы біледі. Ал біз өзіміздің Абайымызды жақсы білуіміз керек.Өзіміз қадірлемесек,өзіміз құрметтемесек болмайды.Себебі, Абай қазақтың ғана ақыны емес бүкіл адамзаттың ақыны.Тарихта Абай есімімен қалды. Аңыз адамға айналды. 

Кітапханашы:. «Абай мен Әуезов үндестігі»

      Абайды ең бірінші қазаққа ауқымды түрде танытқан –Мұхтар Әуезов.Алдымен Абайдың өмірбаяны деген ғылыми еңбегін жазды.

Абай мен Әуезов үндестігі туралы –оқушыларға сөз.


Кітапханашы///


Қазақтың өлеңінің пірі болған,

Халқының сөзін айтар ұлы болған.

Абайдың аманат қып беріп кеткен

Шәкәрім түсірмеген туын қолдан.

Ия, біз Шәкәрім десе Абай дейміз,Абайды аузымызға алсақ Шәкәрімді де тастамаймыз. Өйткені,екеуі идеясы бір үндес ақындар.

Оқушылар сөйлейді./// 

       

1- оқушы. Абай – ақын, Абай – дана, ойшыл, заман суреткері. Абай – аудармашы. Абай – сазгер. Абай жас кезінен өте зерек, момын бала болып өсті.

2- оқушы. Жиырмасыншы ғасырдың Гомері атанған жыр алыбы Жамбылдан «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?» дегенде: «Абай ақын ғана емес, ол ғұлама» деп жауап берген екен.

3- оқушы. Мынау тұрған Абайдың суреті ме?
 Өлең сөздің ұқсаған құдретіне.
 Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,
 Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деп жырлапты жыр алыбы Жамбыл.

4-оқушы. Абай 1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.

5-оқушы. Абайдың атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған.

6-оқушы. Абайдың әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ- даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болып сайланған. Шешесі Ұлжан шешендікпен, тапқырлықпен аты шыққан. Әділ деп ел мақтаған  Құнанбайды

               Көзінше жан әдепсіз іс қылмайды 

               Ұрлық қарлық зомбылық бәрін тиып

              Арам деп атқызбаған насыбайды деп жырға қосқан 

7-оқушы. Абай 10-12 жас аралығында мұсылманша оқып, хат таныған. Ал 12 жасындаСемейдегі Ахмет Риза медресесіне оқуға түседі. 14 жасында үш ай орыстың Приходская школасында орысша сабақ оқиды. 15 жасынан бастап, әкесіне көп көмегін тигізеді. Ел- жұрты Абайды би етіп сайлайды.

8-оқушы. Абай – ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстаған адам.
 Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
 Сонда толық боларсың елден бөлек,- дейді   және

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап

Әуре етеді ішіне қулық сақтап 

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Ақылың мен еңбегің екі жақтап,- деп ұрпағының еңбекққор ақылды білімді болуын қалайды

9-оқушы. 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған. Ол жастар арасында кең таралған. Жаңа заманның ретімен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін үйренді. Сол кезде шығыс тілдерін Абайдан артық білетін адам болмаған.

10-оқушы. Ендеше, біз абайтанудың бірінші баспалдағында тұрмыз. Біраз өлеңдерін, қара сөздерін оқып талдадық. Өмірімен таныстық.

11-оқушы. Абайдың орыс әдебиетіне бет бұруына себепкер оның орыс достары Грось пен Михаэлис болды. Ол екеуі де Абай а уылында қонақта болып, Абайды орыс әдебиетімен таныстырған. Абай Пушкин, Лермонтов, Крылов, Толстой, Тургеневтің еңбектерін оқыған. Абай қазақ тіліне «Евгений Онегинді» аударды.

Қазақ тіліне И.А. Крыловтың бір қатар шығармаларын аударды. Қазір біз И. А. Крыловтың «Қарға мен Түлкі» мысалын тыңдап көрейік.

Кітапханашы///

 Ой-толғаныс.

Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма. Абайдың қарасөздері адамды адам  болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді. Олай болса, Абай қарасөздерімен танысайық.

Оқушылардың қарасөздерді оқуы.

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ емес. Одан басқа нәрселерменен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық. ( Он сегізінші қара сөз)

Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма. Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рақат көрсетер ме, өзі рақат көрер ме, яки жұртқа рақат көрсетер ме?(Жиырма бірінші қара сөз)

Шығармашылық жұмыс

1. Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдеріне байланысты қандай өлеңдері бар? («Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Күз»). Өлеңдерді мәнерлеп оқу.
 2. Оқушылар шығармашылығы (Абай ата жайлы өлеңдер).



«Ұлы ақын - Абай ата»

Абай атам- данышпан, ұлы ақын,
 Қазақ халқын танытқан әлемге айқын.
 Елін, жерін, Отанын әнге қосып,
 Өлеңімен жырлаған халқын жақын.
 
 

Ойды түйіндеу


         Абайдың әкесі Құнанбай дүниеден өткен кезде ағайын туыс алыс жақын бәрі жиналғанда Байкөкше деген ақын «Құнан кетті....алдынан жарылқасын...Ат басындай артында алтын қалды деген екен. Ат басындай алтын дегені Абай дейді....Абай жаңашыл ақын болды Жаңа заманның басшысы болды         Абай марқұм ескіге ермеуші еді 

                                   Ескіні онша тәуір көрмеуші еді

                                    Мысырдан  төте жолмен оқу шықты

                                        Сол қашан келеді деп шөлдеуші еді,-деп жазды Көкбай ақын


          Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
 Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
 Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...

Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атамызбен мақтанамыз Адамзаттың Абайы Адамзаттың ақыны. Абай –біздің ұлттық ұранымыз

Абайдың әні !Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтау

Похожие публикации:

06 февраль 2021 Абай –әлемі
09 январь 2021 «Адалдық сағаты»
17 февраль 2020 АБАЙДЫҢ ТАРИХЫ
15 январь 2018 Жаңалықтар
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт