Жаңалықтар » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
январь
2018

Жаңалықтар

жарты жылдық бойынша өткізілген іс-шаралар

2017-2018 оқу жылының жоспарына сәйкес мектеп ұстаздары мерекесіне орай мектебімізде «Ұстазым менің ұстазым» атты мерекелік шара болып өтті. Мектеп оқушыларының «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің құттықтау парақшаларымен басталған мереке соңы концертке ұласты. Концертке «Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің көрініс қоюымен басталса , концерт соңында«Жас ұлан» ұйымы мүшелерінің орындауындағы Ұстазым менің ұстазым атты әнімен аяқталды.


 

21.09.20017 жылы  РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ мектепішілік комитетінің Ұланбасы қызметіне сайлау өткізілді.  Ұланбасына үміткерлікке 6 оқушы  қатысты: Ержанов Руслан 10 «А»сыныбы, Нұрғалиев Еламан 10 «Б»сыныбы, Тілеухан Санжар 9 «А» сыныбы, Ахметқалиева Жансая 8 «А» сыныбы және Қалиякпарова Нұрым 8 «Б» сынып оқушысы Қайырлықызы Аружан 8 «В» сынып оқушысы үміткер атанды. Сайлау қорытындысы бойынша 84 дауыс иегері болып Нұрғалиев Еламан 10 «Б»сынып оқушысы РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ мектепішілік комитетінің Ұланбасы қызметіне тағайындалды.

 

 

 

 

13.102017 жылы «Мәңгілік ел ұландары» ту ұстаушы тобы арасында сайысқа қатыстық. Сайысқа НВП пәнінің мұғалімі Қабатов Ғабит Мағауиянович дайындады. Сайыс барысында қала мектептері қатысты. Жүлделі орынды №29 мектеп иеленді.

 

 

 


 

 

19.10.2017 жылы «Ішімдік және қазіргі қоғам» атты презентациялар сайысына қатыстық.9 «А»» сынып оқушысы Тілеухан Санжар, 8 «А» сынып оқушысы Ахметқалиева Жансая, 8 «Б» сынып оқушысы Қалияқпарова Нұрым презентацияны қорғады. 45 мектептің ішінен II орын иелендік. Кемшілік жіберген жеріміз мектеппен байланыстырылмай презентацияның жасалуы.


 

 

Күзгі демалыс аясында 01-03.11.2017 жыл аралығында «Менің бірегейлігім» атты «Жас Қыран» ұймының 3 күндігінде мектеп ұланбасы Нұрғалиев Еламан және көмекшісі Муканова Алина жаттықтырушы болып оқушылармен қызықты ойындар, квест өткізіп өздерін жақсы қырларынан көрсетіп сертификаттармен марапатталды. Мектеп атынан барған 4 сынып оқушыларыда осы «Менің бірегейлігім» атты «Жас Қыран» ұймының 3 күндігінде қатысып марапаттау қағаздарымен мараптталды.

 

 

 

 

 

03.11.2017 жылы «Салауат» бағыты бойынша мектепшілік 6 сынып оқушылары арасында «Салауатты өмір салты-жарқын болашақ» атты көңілді сөре өткізілдік. Мақсаты: Оқушыларды спорттық ойындарға бейімдеу, денсаулықтарын жақсарту, қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың адамгершілік, күш, ерік-жігер қасиеттерін және психологиялық процестер мен адамдық қасиеттерді дамыту.

Сайыс 6 кезеннен тұрды. Оқушылар сайсқа бар ынтасымен қатысты. Қорытындысы бойынша 6 «Б» сынып оқушылары жеңіске жетті.

Қорытынды: 6 «В» сынып оқушыларының толық келмеуі өздерінің жеңіске жетуіне кедергі тидірді.

 

 


 

«Жас Ұлан» ұйымының мүшелері қоңырау арасында оқушыларға қызықты әрі қимылды ойындар ойнатып оқушылардың зейінің, ойлау қабілетін, қиялын дамыта отырып мектептің ішкі ережелерімен таныстырды.

 

 

 

 

 

11.11.2017 жылы «Зерде» бағыты бойынша 8-9 сынып оқушылары арлағында «1001 мақал,101 жұмбақ» интелектуалды сайысын өткіздім. Сайыстың мақсаты: Мақал-мәтел, жұмбақ туралы білімдерін тереңдету. Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа, жауапкершілікке үйрету, сөздік қорын, дүниетанымын арттыру. Адал достыққа, білімді, өнерлі, еңбекқор, азамат болуға, тілін, елін, жерін сүйер, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренер жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ету.

Сайыс 6 бөлімнен құралды. Экспо бойынша сұрақтар қойылды. Қорытындысы бойынша 8 «Б» сынып оқушылары I орынды иеленді. Сайыс қорытындысы мектепшілік лездемеде айтылып, марапаттау қағаздары берілді.

 

 

 


 

14.11.2017 жылы «Жас Ұлан» ұйымының мақсат міндетін сынып ұланбасыларына түсіндіру барысында мектеп Ұланбасылар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында мақсат, міндетімен қатар оқушы ережесі және біріңғай талаптың орындалуы туралы айтылып өтті. Оқушылардың пікірлері ортаға салынып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстары айтылды.

 

15.11.2017 жылы Оқушылар Шығармашылық Сарайында «Герой моего времени» атты проекта Михаил Байтеряковпен кездесу өтті. Кездесу барысында өз өмір жолын, басынан өткен ауыр жағдайларды, мойымай жеңіске ұмтылу керек екендігін айтып, жасұландықтарды жігерлендіре түсті.

 

 

16.11.2017 жылы Қалалық жастар мәслихатының депутаты Чернышовым ОЛегом Владимировичпен кездесу өтті.

25.11.2017 жылы Тұңғыш Президент күніне орай «Менің Елбасым» атты тәрбие сағатын 6- сынып оқушылары арасында өткіздік. Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру, Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жарге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу.
Сайыс 4 кезеңннен тұрды:

1 кезең: Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны, отбасы жайлы баяндау (презентация берілетін уақыт 2мин)

2 кезең: Н.Ә.Назарбаевтың қызметте өсу жолдары (схема плакат құру сайыс кезінде!)

3 кезең: Өлен шұмақтарын оқу

4 кезең: Үй тапсырмасы (Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы туралы фильм көріп келу, сол арқылы сұрақ қойылады)

Қорытынды: тәрбие сағаты сайыс түрінде өтілгендіктен 6 «А», 6 «Б», 6 «В» сынып оқушылары бір-бінен озып, бар ыңталарымен қатысты. 6 «А» сынып оқушылары I –орын, 6 «Б» сынып оқушылары II –орын , 6 «В» сынып оқушылары III –орын алды.

 

 

 

26.11.2017 жылы Оқушылар Шығармашылық Сарайында РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ комитетінің фестивалі өтті. Фестиваль барысында мектеп ұланбасыларына куәлік ұсынылды және мерекелік кеш өтті.

 

 

30.11.2017 жылы Оқушылар Шығармашылық Сарайында РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ- на қабылдау өтті. Қабылдауға 5 «В» сынып оқушысы Сейткамзин Ерсін «Жас Ұлан» ұйымына қабылданса «Жас Қыран» ұйымына 2 «Б» сынып оқушысы Серік Саялы қабылданды. Қабылдау барысында Қалалық жастар мәслихатының депутаттары қабылданушы Жас Ұлан және Жас Қырандықтарды құттықтап, Жас Ұлан галстугы мен төсбелгісін тағу рәсіміне қатысты.

 

 

05.12.2017 жыл Оқушылар Шығармашылық Сарайы және Өскемен қаласы Ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күресу бөлімінің басшысы, полиция подколковнигі Д.Жұмаділовпен бірге өткізілген «НАРКОСТОП» қалалық акциясына қатыстық. «Есірткісіз әлем!» фотоколлаж байқауында «Жеңіске ұмтылу» номинациясымен мараппатталдық. «Дұрыс таңдау жаса!» атты пікірталас аланыңа қатысқанымыз үшін мараппатталдық.

 

 

09.12.2017 жылы 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 7 сынып оқушылары арасында «Біздің Отанымыз –Қазақстан» сайысын өткіздім.

Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.

2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.

Сайыс қорытындысы бойынша 7 «Б» сынып оқушылары I орын, 7 «А» оқушылары II орын, 7 «В» сынып оқушылары III орын иеленді.

 

 

21.12.2017 жылы Оқушылар Шығармашылық Сарайында РҚБ «Жас Ұлан» ББЖҰ жаңа жыл балы өтті. 10 «Б» сынып оқушылары Нұрғалиев Еламан, Бердібекова Ақмарал қатысты. Бұл оқушылардың жұптары №47 және №43 мектеп оқушылары болды. Бал 90-шы жылдың стилі түрінде өткізілді. Түрлі логикалық сұрақтар мен би түрлерінен қызықты сайыстар өтті.

 

 

27.12.2017 жылы мектепшілік «Жасыл шыршаға» Жас Ұлан ұйымының қатарындағы оқушылар 1-3 сынып аралығында өткен жаңа жылда оқушылармен бірігіп шыршаға қатысты. Жасыл шыршаға қатысудағы мақсатымыз оқушылардың қауіпсіздігін қадағалау және өткізіліп жатқан ойын түрлерінде оқушыларды ұйымдастыру болып табылды.

 

 

Похожие публикации:

30 ноябрь 2017 Мектеп өмірінен
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт