АБАЙДЫҢ ТАРИХЫ » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2020

АБАЙДЫҢ ТАРИХЫ

1845 жыл 10 тамыз - Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей губерниясы) Шыңғыс тауының баурайында, аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлы мен оның екінші әйелі Ұлжанның отбасында дүниеге келді; 
1852-1855 жылдары - ауыл медресесінде оқиды; 
1854 жыл - 9 жасында тұңғыш өлең жазған;
 1855-1859 жылдары - Семей қаласындағы Ахмет Риза медресесінде білім  алды. Үш ай «приходская школа» атты орыс мектебінде қосымша оқыды. Араб, парсы, түрік тілдеріндегі Шығыс ақындарының кітаптарын оқыды. Соларға еліктеп «Иузи - раушан, көзі - гауһар» деп басталатын өлеңін жазды; 1858 жылы - әкесі, би және болыстық басқарушы-аға сұлтан Құнанбай Өскенбайұлыныңкөмекшісі міндеттерін атқарады;
1861 жылы - Ділдәға үйленіп, ұлы Ақылбай дүниеге келеді.   
1865 жыл шілде айы - кезектен тыс болыстық сайлауда Күшік Тобықты болысына болыстыққа ағасы Құдайберді Құнанбаев, оған кандидат болып Абай сайланады; 
1866 жылы сәуір айы - ағасы Құдайберді қайтыс болды;  
1866 жылы - Құдайберді қайтыс болғаннан кейін Күшік Тобықты еліне болыстық қызмет атқарады. Осы жылы болыс болғандығын дәлелдейтін келесі архив деректері; 
1866 жылы 11 маусым - Абай қол қойған Рапорт (архив дерегі: Омбы қаласына қазақ балаларын орысша оқыту үшін арнайы ашылған мектепке көпшілік ортасынан Баймұса Тәңірбердин деген баланы жіберу туралы); 
1866 жылы 13 шілде - Абай Күшік Тобықты болысы ретінде «Дело об укочевании казахов рода Урус-Коржау Кучук Тобуклинской волости Куттукбаева и других в Байджигитовские волости» деген Рапорт жазған; 
1866 жылы 29 қараша - Абай болыс ретінде Рапортқа қол қойған (архивдерегі: қазақ әйелі Кузенова жас баласымен Күшік Тобықты болысынан Миялы қыстағына көшкені туралы); 
1870 жылы - Семей кітапханасында Е. П. Михаэлиспен танысады.  1872-1874 жылдары - Күшік Тобықты болысына екінші рет болыс болды; 
1874 жылы - екінші әйелі Әйгерімге үйленеді.  
1875 жылы - ұлы Тұрағұл дүниеге келеді. 1875-1878 жылдары - Абай Қоңыр-Көкше еліне болыс болып сайланады; 
1876 жылы - Қоңыр-Көкше елінің статистикалық мәлімдемелерін көрсетіп, болыс ретінде қол қойған; 
1876 жылы 6 желтоқсан - Семей уезі болыстары орыс-түрік соғысына байланысты қазақ елін патша үкіметіне қаржылай көмек беруге, моральдық жағынан қолдау көрсетуге Үндеу жазған. Абай Қоңыр-Көкше елінің болысы ретінде қол қойған;
1876 жылы - Абай «ІІІ-ші разрядты кафтанмен» марапатталады;
1876 жылы 21 қыркүйек - Үзікбай Бөрібаевтың жалған арызымен Абайдың  үстінен Семейдің ұлықтары тергеу ісін қозғайды; 
1870-1880 жылдары - саяси жер аударылғандар, болашақ достары Е. П. МихаэлисН. И. ДолгополовА А. ЛеонтьевС. С. Гросспен танысады. 
1855-1881 жылдары - 9 өлең жазады (біреуі аударма);
1883 жылы 27 сәуірде - Ү. Бөрібаев Абайға нақақтан жала жапқанын тергеуде мойындайды;
1884 жылы 27 тамызда - Семейдің уездік соты Маковецкий сегіз жылға созылған Абайдың «қылмысты» ісін қысқартады. Бұл істе Абайды ақтап 700 кісі куәлік берген. Ү. Бөрібаевтің арызымен басталған іс аяқталады, бірақ арыз жазушы заң бойынша жазаға тартылмай қалады.
1882-1885 жылдары - «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерін жазады және Лермонтовтан 2 аударма жасайды;
1885 жылы мамыр айы - Семей губерниясына қарасты бес ояздың би-болыстары, ел билеуші ақсақалдары бас қосқан Қарамола жәрмеңкесінде төтенше съезі өтеді. 
Осы съезде Абай төте би болып сайланады да, үш күн, үш түн Абай жазған қазақтың жаңа заң Ережесі (74 бап) қабылданады. Съезді Семейдің генерал-губернаторы, генерал Цеклинский  басқарған. Бұл съезде Абай би емес, Шыңғыс болысының «Құрметті қазағы» ретінде шақырылған. Бұған аталған съезд қабылдаған Ереженің соңына жазылған тізімдегі Абайдың  аты-жөні дәлел болады. «Құрметті қазақ» - жергілікті әкімшілік тарапынан ұсынылып, Дала генерал-губернаторы бекітетін атақ-дәреже;
1885 жылы 21 маусым - Дала генерал-губернаторының канцеляриясын басқарушы В.Лосевский «О прекращении следствия над волостным управителем Кунанбаевым и Аюбаева и преданий суду киргиза Буробаева за ложный донос» деген баяндама жасайды;
1885 жылы шілде-тамыз айлары - Шыңғыс тауындағы Абай ауылына ақынның орыс досы, саяси жер аударылған Н.И.Долгополов келіп қайтады;
1885 жылы тамыз айы -  Абай Н.И.Долгополов арқылы Семейдің өлкетану музейіне жәдігерлер тапсырады;
1886 жылы 4 мамыр - Семейдің статистикалық комитетіне, досы Михаэлистің ұсынуымен,  Абай мүше болып сайланады;
1886 жылы - Абайдың 17 өлең жазған жемісті жылы болады;
1887 жылы - «Масғұт» поэмасын жазады;
1887 жылы 26 сәуір - Семей қаласының бастауыш білім қамқоршылар қоғамы ашылады. Осы қоғамға Абай мүше болып кіреді;
1887-1889 жылдары - 31 өлең жазады;
1887-1889 жылдары - А.Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан 7 үзінді аударады және «Онегиннің өлердегі сөзі» атты өлеңін жазады;
1889 жылы - ақынның «Күлембайға», «Жаз» деген өлеңдері «Дала уалаяты» газетінде ақын Көкбайдың атымен  жарияланды. Бірінші өлеңін 1888 жылы Ақшатауда болыс сайлауында Күлембайды сынап жазған. Екінші өлеңі 1886 жылы  аулы Бақанас өзенінде қонып жатқанда жазған;
1890 жылы - 9 өлең жазады;
1890 жылы - Абай аңшы мылтығымен марапатталады;
1891 жылы - Абай 9 өлең жазады;
1892 жылы - Інісі Оспан (1852-1892) қайтыс болады. Абай інісі Оспанға арнап «Жайнаған туың жығылмай», «Кешегі Оспан» атты өлеңдер жазған;
1892- 1893 жылдары - 11 өлең мен 6 аударма жасайды;
1893 жылыАбай Құнанбайұлы 3 жылға болыстыққа сайланады. «Приказ Г. Военного Губернатора Семипалатинской области Сентября 11-го 1893 года №55. Утверждается в должности по выбору общества на трехлетие с 1893 по 1896 год. ІІІ. Чингизской, волостного Управителя - Ибрагим Кунанбаев, кандидата по нем - Азимбай Танырбердин...».
Турағұл естелігінен: «1893 жылы сайлауда, баяғы Оразбай мен Күнту тағы да бірі Бұғылыға, бірі Мұқырға шығып, қалған елді өзің ие болып қайырып алмасаң болмайды деп халық ақсақалдары менің әкемді болыстыққа сайлаған»;
1894 жылы - 13 өлең жазады (2-і аударма);
1895 жылы 15 қарашада - Абайдың білімді, талантты баласы Әбдірахман 27 жасында Алматыда қайтыс болады, сүйегі елге әкелініп Ақшоқыға жерленеді. Оның қайғысы ақынға қатты батады, егіліп көп өлең жазған;
1895 жылы - 18 өлең жазады (оның ішінде 10-ы Әбдірахманға арналған, 2-і аударма);  
1896 жылы - ақын 16 өлең жазады (4-і аударма);
1897 жылы - 13 өлең жазады (4-і аударма);
1898 жылы - ақын 26 өлең жазады (18-і аударма: 4-і Лермонтовтан,14-і Крыловтан);
1890-1898 жылдар - Ұлы ақын Ғақлия - Қара сөздерін жазады;
1899 жылы - 10 өлең жазады (оның 3-і аудармалар);
1900 жылы - 4 өлең жазады ( 2-і Лермонтовтан аударма);
1900 жылы - Сенатқа хат жазады, 5 ақпанда Петербургке жіберіледі;
1900-1902 жылдары - «Ескендір» поэмасын жазады;
1901 жылы -  5 өлең жазады;
1902 жылы - «Тоты құс түсті көбелек», «Алланың өзі де рас, сөзі де рас», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас» - 3 өлең мен Лермонтовтан бір аударма жасайды;
1903 жылы - атақты ғалым Семенов-Тяншанскийдің редакциясымен шыққан «Біздің Отанымыздың толық жаграфиялық баяны» деген орыс тіліндегі кітапта (204 бет) Абайдың аты жаңа әдебиеттің бастаушысы деп ерекше аталынды;
1903 жылы - «Жалын мен оттан жаралған» өлеңін жазады;
1882-1903 жылдары - «Масғұт» поэмасын жазады. «Әзім әңгімесі» поэмасының жазылған жылы белгісіз;
1904 жылы 23 маусымда - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы Балашақпақта дүние салады. Қыстауы Жидебайда жерленген;
1909 жылӘлихан Бөкейхановтың көмегімен Абай өлеңдерінің тұңғыш жинағын Петерборда Кәкітай Ысқақұлы басып шығарды. Бұған Абайдың баласы Тұрағұл да атсалысты;
1913 жыл - «Қазақ» газетінде Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы жарық көрді;
1914 жыл (26 қаңтарда) -  Семейдің географиялық қоғамы Абайдың қайтыс болғанына он жыл толғанын еске алып, әдеби кеш өткізді;
1918 жыл - Семейде «Абай» журналы жарық көрді. Шығарушылары - Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов. 12 саны жарық көрген журналдың шығарушылары «Екеу» деген бүркеншік атты пайдаланды;
1922 жыл - Абай өлеңдерінің жинағы Ташкентте жарық көрді;
1933 жыл - Абай шығармаларының толық жинағы Алматыда басылды. Жинап, бастырған - Мұхтар Әуезов;
1940 жыл - Абайдың туғанына 95 жыл толуына орай той өткізілді. Шыңғыстауда Абай ауданы, Семейде Абайдың мемориалдық музейі ашылды;
1945 жыл - бүкіл Кеңес Одағы жұртшылығы Абайдың 100 жылдық мерейтойын өткізді.Алматы опера және балет театры Абай атымен аталды;
1948 жыл - Қажым Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы және Абай поэзиясының тілі» деген монографиясы жарық көрді;
1949 жылМұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы Сталиндік сыйлық алды;
1956 жыл - Ханғали Сүйіншәлиевтің «Абайдың қара сөздері» деген монографиялық еңбегі шықты;
1959 жылМұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы Лениндік сыйлық  алды;
1960 жыл - Алматы қаласындағы Абай даңғылының басына Абайға ескерткіш орнатылды;
1995 жылАбай Құнанбаевтың 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті; 
2014 ж. - А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Біздің Абай" электронды кітапханасының тұсаукесері.2020 ж. - Абай Құнаебаевтың 175 жылдық мерейтойы ҚР бойынша тойланбақ.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт