2017-2018 оқу жылында 11 сыныптарда өткізілген емтихан қорытындысы » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
июнь
2018

2017-2018 оқу жылында 11 сыныптарда өткізілген емтихан қорытындысы

11 сынып оқушылары үшін «Алтын белгіге» үміткер оқушылардың құжаттарын КББ-не тапсыру тармақтары және оқу жылын аяқтауға байланысты жоспарланған шаралар толық орындалды. 11 сыныпта оқитын 60 оқушының барлығы қорытынды аттестаттауға қатысты.
Мемлекеттік емтихан бойынша оқушылар жоғары даярлықпен келді. Өздерінің білім деңгейлерін көрсете алады. Эсе тақырыптары ҰТО бекіткен тақырыптардан келді. Еркін тақырыптары қосылған. Оқушылардың 50 пайызынан астамы әдеби тақырыптарды таңдаған. Оқушылар дәлелдемелер келтіре отырып, өзіндік көзқарастарын нақтылап, эссе тақырыптарын аша білген. Эссеге қойылатын талаптар барлық оқушыларда сақталған.
Математикадан емтиханға 60 оқушы толық қатысты. Емтихан сағат 9 00–де басталып 14 00-де аяқталды. Жазба жұмысына барлығы 5 сағат уақыт берілген. Білім сапасы 80% үлгерімі 100% болды «5» - 19, «4» - 24, «3» - 17, «2» - 0. Барлығы 6 тапсырма.Есептер мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарына сай. Алтын белгіге үміткер Қабдрасілов Айбек, Қабдыкенова Лаура мен Төлебаева Назым және үздік аттестатқа үміткер Ерболат Талғар жазбаша емтихан жұмысының талаптарын сақтай отырып барлық есептерді толық, дұрыс шығарған. Емтихан есептері күрделілігі ортадан жоғары деңгейде болды. Сол себепті де жазба жұмысы өз деңгейінде орындалды. Оқушылардың көпшілігі 4-5 есепті шығара алған. Негізінен оқушылар функцияның ең үлкен ең кіші мәнін табуда, көпшілігі график салуда қателер жіберген. Барлық оқушылар оқу жылы ішіндегі өздерінің білім деңгейін көрсете алды.
Қазақстан тарихы бойынша емтиханға 60 оқушы қатысты. Емтиханға өте жақсы дайындықпен келген оқушылар: Ерболат Талғар, Сапаралина Мөлдір, Ақияшева Айгүл, Әмірханова Меруерт, Қабдылғазина Еркеназ. Білім сапасы 77% Үлгерімі 100%.
Орыс тілінен тыңдалым дағдылары бойынша мәтінді қабылдай алды. Лексико-грамматикалық тапсырма бойынша да , оқылым бойынша мәтінге талдау жасай алды. Дегенмен келесі оқу жылында ескеретін жағдайлар.
Сабақтарда жүйелі түрде тыңдалым, жазылым дағдыларын дамытуға көңіл бөлу керектігі анықталды.
Таңдау пәндері бойынша да оқушылар өз білімдерін көрсете алды. Даярлықтарының жоғары екендігі анықталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт