Ұлттық Бірыңғай тесттілеу » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
апрель
2019

Ұлттық Бірыңғай тесттілеу

Құрметті талапкер!

2019 жылдан бастап білім беру гранттары маусым айында өткізілетін ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша берілетін болады.
Білім беру бағдарламаларының тобы бір немесе бірнеше білім беру бағдарламаларынан тұрады. Жалпы білім беру бағдарламаларының 97 тобы бар.
ҰБТ-да бейіндік пәндердің келесі комбинациялары анықталған:
Математика Физика
Математика География
Биология Химия
Биология География
Шет тілі Дүниежүзі тарихы
География Шет тілі
Дүниежүзі тарихы Адам. Қоғам. Құқық
Дүниежүзі тарихы География
Қазақ тілі/ Орыс тілі Қазақ әдебиеті/ Орыс әдебиеті
Химия Физика
Шығармашылық емтихан Шығармашылық емтихан
Сізге бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда бір білім беру саласының ішінде төртке дейін білім беру бағдарламаларының тобын таңдау мүмкіндігі беріледі.
Мысалы, «Биология» + «Химия» бейіндік пәндер комбинациясымен Сіз білім беру грантын тағайындау конкурсында «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» саласындағы:
1) «Мейірбике ісі»;
2) «Фармация»;
3) «Жалпы медицина»;
4) «Стоматология» сияқты білім беру бағдарламалары топтарын таңдай аласыз.
Білім беру бағдарламалары топтарының тізімі Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған (https://testcenter.kz).
Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісіндегі гранттар саны бекітілгеннен кейін жоғары оқу орындары іске асыратын білім беру бағдарламаларының тізіліміне сілтеме жасай отырып, ҚР БҒМ және Ұлттық тестілеу орталығының сайттарында орналастырылатын болады.
Қабылдау кезінде грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайсыз.
Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт