«Абай және отбасы тәрбиесі» атты ата - аналар жиналысы » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
19
февраль
2020

«Абай және отбасы тәрбиесі» атты ата - аналар жиналысы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Шәкәрім атындағы № 1 орта мектебі» КММ

«Абай және отбасы тәрбиесі» атты ата аналар жиналысы

«Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де- бір кірпіш,  дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан!» - деп қазақтың бас ақыны Абай атамыздың өлең жолдарында айтылғандай,   қазіргі қоғам жас өрендерді бір маман иесі болсын, қоғамына өз пайдасын тигізсін деп тәрбиелейді. Мектебімізде 2 «А» сынып жетекшісі Кабдолдинова Еркежан Сериковна өз сыныбында  ата - аналарының арасында Абай Құнанбаұлының  175  жылдық   мерейтойына орай «Абай -дана,   Абай -дара қазақта» атты қалалық   конкурсы аясында «Абай және отбасы тәрбиесі» атты жиналысы өткізді. 

Жиналыста ата – аналар Абайдың өмірі мен шығармашылығымен танысты. Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік мәнін ашты, қара сөздеріндегі адамгершілік рухы негізінде отбасы тәрбиесін және оның  бала тәрбиесіне әсерін топта, жұпта бірлесе  талқылады, ортақ пікірге келіп, өз жұмыстарын ұжымда қорғады. Ата-аналар «Оқу мен тәрбиенің егіз» ұғым екендігін түсінеді. Сонымен қатар, шығармашылықта жұмыс жасап төртінші топта Абай аудармаларынан қойылым қойды. Аудармаларының балаға беретін тәрбиетік мәнін ашып берді. 

Жиналыс соңғы бөлімінде жиналысқа қатысушылар  «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады.  Сынып ата – аналарының арасында өзара бірлік артып, сыйластықтың деңгейі өсті. Әр ата - ана өз баласының бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болып өскенін қалайды. Армандаған мамандық иесі болып, еліне, халқына еңбегін сіңіріп, құрметті  азаматы болып өссе деп тілейді. Жиналыс соңында «Бір сөйлем» әдісімен ата-аналар мұғалімге кері байланыс берді. Кері байланыс нәтижесі бойынша «Абай және отбасы тәрбиесі» тақырыбындағы жиналысқа «Жоғары» баға берді.

Сынып жетекшісі: Кабдолдинова Еркежан Сериковна

 Педагог –зерттеуші, бастауыш сынып мұғалімі






























Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт