2018-2019 оқу жылының сыныптан сыныпқа көшіру емтиханынының сараптамасы » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
май
2019

2018-2019 оқу жылының сыныптан сыныпқа көшіру емтиханынының сараптамасы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңның 5 бабының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне сәйкес және 2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қортынды аттестаттаудан өткізу туралы Қазақстан Респуликасының Білім және Ғылым Министірлігінің 2012 жылғы 1 ақпандағы №53 бұйрығы, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының 2019 жылғы 20 ақпандағы № 114 «2018-2019 оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттаудан өткізу және ҰБТ дайындауды ұйымдастыру туралы» бұйрығы және Өскемен қалалық білім беру бөлімінің 10.04.2019 жылғы № 148-П және мектеп директорының бұйрығы негізінде оқу жылын аяқтауға арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Осы жоспарланған шара бойынша аралық аттестаттаудың кестесі жасалынып бекітілді.
Емтихан бұрышы уакытында жасалып, оқушыларға және ата-аналарға емтиханға кеңес беру кестесі, емтихан кестесі, емтиханға қойылатын талаптар туралы сынып жиналысында сынып жетекшілері таныстырды. Емтиханға дайындық кестесін сабақтан кейін әр пәнді аптаның бір күніне, сенбі сайын койылды. Пән мұғалімдері жасалган кесте бойынша дайындық жұмысын жүргізіп отырды. 10 сыныптарында 2 пәннен емтихан жұмысы алынды. Біреуі- ауызша, біреуі- жазбаша түрде өткізілді. Емтихан сұрақтарын пән мұғалімдері кұрастырып, әдістемелік бірлестік отырысында каралып, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары тексерді және мектеп директоры бекітті. Алдын ала жасалған кесте бойынша барлық емтихандар өткізілді. Емтиханнан педагогикалық кеңестiн каулысымен денсаулығына байланысты 10 «Б» сыныбының екі оқушысы- қабат Р.Е. Лукпанова А.Ф. аралык аттестаттаудан босатылды. Аралык аттестаттауга 34 оқушы қатысты.
Емтиханға кешігіп келу фактісі тіркелген жок. Барлык емтихандар уақытында басталып отырды. Емтихан хаттамасы сол күні толтырылып, уақытында откізілді. Емтиханға оқушылар тиянақты даярлыкпен келген. Ең жоғары білім сапасын корсеткен сыныптар: 10 б алгебра және анализ бастамалары мен Қазақстан тарихы пәнінен 100% білім сапасын көрсетті. Емтиханға даярлыктары жоғары деңгейде болгандыктан, емтихан бағалары жылдық бағаларынан жоғары болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт