Ақпарат » Страница 5 » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
МЕКТЕП КҮТІМІ
02
август
2022
МЕКТЕП КҮТІМІ
Жас ұрпаққа еңбек, экономикалық, экологиялық тәрбие беру тәрбиенің басым бағыттарының бірі. Биылғы жылы да мектебіміздің ауласын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Мектеп ауласына 400 түп әр түсті петуния, 200 түп бархатцы, 50 түп қызыл және алқызыл раушан, 100 түп циния, астра гүлдері және 3 түп шырша ағашы, 6 түп алма ағашы отырғызылды. Оқушылар жазғы еңбек практикасы кезінде өздері еккен гүлдерін күтіп баптап, күнделікті суару жұмыстарымен айналысуда. #Шәкәрім
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
01
август
2022
МЕКТЕПКЕ ЖОЛ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ
“Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі”КММ  2022 жылы “Мектепке жол” Республикалық акциясы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 жарлығымен жарияланған балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.  Акцияның өткізілу уақыты : 01.08.2022 - 30.09.2022
Президент оқитын кітаптар
31
июль
2022
Президент оқитын кітаптар
Достар, Президентіміз қазақ әдебиетінен бастап әлем классиктерінің шығармаларын да көп оқитынын білесіздер. Бүгінгі таңдауымыз: Мұхтар Әуезов - "Абай жолы"; Anthony Kenny - "A new history of Western philosophy"; Мұхтар Мағауин - "Аласапыран"; Никколо Макиавелли - "Государь". Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында жазғандай, кітап оқу – рухани кемелденудің кепілі. #ptrkkz
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт