16
август
2022
Хабарландыру
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің "Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі" КММ 2022-2023 оқу жылына директордың сынақ-іс тәжірибесі жөніндегі орынбасары қызметіне бос орын барын хабарлайды. Жұмыс уақыты : толық жұмыс күні, Жұмыс өтілі: 3 жылдан төмен емес; Білімі: жоғары; Жұмыс ақысы ; 130000-140000 Қойылатын талаптар: Жұмысқа қызығушылық, ұқыптылық, тез шешім қабылдай алу, ұжыммен жұмыс, балалармен жұмыс. Жеке басына қойылатын талаптар; Адамгершілік, Талапшыл,Білімділік. Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді.