Іс-шаралар » Страница 2 » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
12-17 сәуір аралығында мектебімізде Жаратылыстану әдістемелік бірлестік апталығы өтті. Бірінші күнінде апталықтың ашылуы болды. Сонымен қатар, басқа күндерінде ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар өткізілді, Жалпы апталық өте жоғары деңгейде болды.
Бүгін мектебіміздің 5 Б сынып оқушылары Орталық балалар кітапханасына барып, Наурыз мерекесіне орай қойылымға қатысты. Өздеріне жақсы әсер алып, жақсы көңіл - күймен қайтты.
Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толуына орай мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылды. Оқушыларымыз, ұстаздарымыз " Жамбыл есімі- мәңгі есімізде" атты бейнероликтер жасауға белсене қатысты. Оқушылардың жұмыстары мектептің инстаграм және фейсбук парақшаларында жарияланды.
Мектебіміздің оқушылары Өскемен қаласы "Оқушылар шығармашылық сарайының" ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының🇰🇿🇰🇿 тәуелсіздігінің 3⃣0⃣жылдығына орай ақиық ақын📚📚 Мұқағали Мақатаевқа арналған I қашықтықтан қалалық "Қазақ поэзиясының Хантәңірі" атты байқауында жүлделі🥇🥈 орындарға ие болды. ✅Құтты болсын!✅