Мерекелік іс-шаралар » ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ «ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2019

Мерекелік іс-шаралар

                                                                          

 2018-2019 оқу жылында өткен іс-шаралар есебі


08.09.2018 ж  спорт күніне арналған  «Спорт - денсаулық кепілі»  атты спорттық іс-шара  ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп алаңында салтанатты ашылудан басталып, спорттық сайыспен жалғасын тапты. Спорт  күніне 5-11 сыныптар және спортшылар қатысты. Оқушылар әр спорт түрінен жарысқа түсіп, жүлделі орындармен мадақталды.


 

 


 

 

 


 

 

15.09.18ж   «Күзгі марафон» спорттық сайысы 5-7 сыныптар және мұғалімдер арасында ұйымдастырлыды. Сайыс салатнатты ашылумен басталып, спорттық сайыстарға ұласты. Спорттық сайыстарға 9-10 сыныптар көп сайысты, 7-8 сыныптар фудболдан жарысқа түсті. Мектеп мұғалімдері көңілді сөре мен дойбыдан жарысқа түсті. Қатысушылар сайыстың қорытындысы бойынша жүлделі орындармен, мадақтамалармен және медальдармен марапатталды.

 

15.09.18ж  «Күз аруы- 2018» атты 3-4 сыныптар арасында сайыс ұйымдастырылды. Сайыс 3 бөлімнен тұрды. Сайысқа қатысушылар жақсы дайындалып, «көрермендер көз айымы», «бұрымды ару», «сымбатты ару», «өнерлі ару» номинациялармен марапатталды. 


 

 

 


 


Қыркүйек айының әр жұмасында мектеп ішінде жәрмеңке ұйымдастырылды. Жәрмеңке бастауыш сыныптар арасында ата-аналарымен бірге ұйымдастырылды. Жәрмеңкеде күз тақырынба тағамдар, көкөністер, жеміс-жидектер сатылды. Оқушылар күз байлықтары мен күзгі тағамдар жайлы мағұлмат алды. Ата- ана, бала және мектеп арасында байланыс орнады.

 

22.09.18 ж «Күз ханшайымы- 2018» атты 5-6 оқушылар арасында сайыс ұйымдастырылды.Өзінің күзгі бейнесімен көзге түскен 5 «б»  сынып оқушысы Сайранқан Алуа  «күз ханшайымы - 2018» атағына ие болды, қалған қатысушылар номинация және сыйлықтармен мадақталды. Оқушылар сайысқа өте жақсы дайындықтан сайыс өте тартысты өтті. Сайыскерлер санасында эстетикалық мәдениет, талғам және әдемілік түсініктері қалыптасты.  


 

 

 


 

25.09.2018ж  мектептің « Жас Ұлан» ұйымының ұланбасының сайлауы өтті.  8-10 сыныптан оқушылар  өз  бағдарламаларын ұсынды. Сайлауға 6-11 сынып оқушылары қатысып, өз дауыстарын берді. Сайлау комитетінің коммисиясы аға-тәлімгер Қайырқанова Үміт, Жас ұлан мүшелері: Муканова Алина, Көксегенов Темірлан болды. Сайлауда Қалиақпарова Нұрым 53 дауыс, Азат Арыстанбек 49 дауыс, Тоқтарбекова Лунара 27 дауыс, Сагмджанова Әсем 12 дауыс, Ерлан Аружан 20 дауыс, Оралбеков Әлішер 44 дауыс, Айтұғанова Наргиз 2 дауыс, Мұхаметқанова Дильназ 10 дауыс, Дөкенова Сезім 16 дауыс жинады,44 дауыс  жарамсыз болды. Нәтижесінде 53 дауыспен 9 «б»  сынып оқушысы Қалияқпарова Нұрым мектеп ұланбасы болды.


 

 

 30.11.18 күні 1-ші қараша  тұңғыш президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген елбасы»  мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.  Іс-шара елбасына арналған өлең шумақтары мен хордан басталып, мерекелік құттықтаумен жалғасын тапты. Мерекеде елбасының қанатты сөздері, ерекшеліктері туралы сөз қозғалып, елбасына арнаулар шырқалды.  Мерекеге мектеп мұғалімдері, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, оқушылар және ата-аналар қатысты. 

24.11.2018  күні арасында достық шуағы фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге 2 сыныптар қатысты. Әр сынып бір ұлт өкілін таныстырды. Фестиваль 3 кезеңнен тұрды. 1 кезең: «Сәлем саған қазақ елі»  Бұл кезеңде әр ұлт өкілдері өздерін таныстырады.  2 кезең: «Өнерлінің өрісі кең». Бұл кезеңде әр ұлт өздерінің өнерлерін көрсетеді. 3  кезең  «Таң қалмаңыз». Бұл кезеңде әр ұлт өкілдері салт-дәстүрлерінен көрініс көрсетіп таң қалдыру керек. Фестивальда 5 ұлттың өкілдері өнер көрсетті. Сыныптар әр түрлі номнациялармен мадақталды.


 


 17.11.2018 күні 5-6 сыныптар арасында достық шуағы фестивалі ұйымдастырылды.  Фестивальда «Салем саған туған ел» өз ұлтын таныстыру, «Өнерлі өрге жүзер» өз өнерін көрсету,  «Әр ұлттың салты басқа»  әр ұлттың салт-дәстүрін көрсету. Фестивальда грузин, өзбек, белорус, корей,  украин ұлттары өнерлерін көрсетті. Қатысушы ұлттар әр-түрлі номинациялармен мадақталды.

05.12.2018 күні тұғыш президент күніне және тәуелсіздік күніне орай Жас Ұлан жасөспірімдер және балалар ұйымы қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны ұйымдастырылды. Ұйымға 2-7 сынып аралығындағы оқушылар қабылданды. Салтанатты қабылдаудың құрметті қонақтары мектеп директорының міндетін атқарушы Әділ Сайлаубекұлы және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары болды. Ант мәтінін 5 б сынып оқушысы Мұрат Балым және 3 б сынып оқушысы Омертай Еркежан оқыды. Оқушыларға арнайы галстуктар мен төсбелгілер тағылды.


 

 

 


 


 

 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Дауыс береміз
Оцените наш школьный сайт